jasqazaq.kz

Марсқа қала салмақшы

16 ақпан 2017, 9:52

БАӘ алдағы 100 жылда Қызыл ғаламшарға адамдар жіберіп, шағын қала салуды жоспарлап отыр. Ел билігінің бұл жоспары «Марс-2117» жобасы аясында іске аспақ.

Baq.kz хабарлағандай, жоба эскиздері интернетте таралған. Жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы БАӘ премьер-министрі әрі Дубай әмірі шейх Мохаммед бен Рашид Аль Мактум мен Әбуд-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мохаммед бен Заид Аль Нахайян мәлімдеді.

Олардың айтуынша, бұл жоба XXI ғасырда ғылым мен технологияны дамытуға, жастардың білімге деген құлшынысын арттыруға бағытталған.

«Марс-2117» жобасы аясында БАӘ ұлттық уиверситеттері базасында ғылыми-зерттеу орталықтары құрылып, елдің ғылыми-техникалық базасы күшейтіледі деп болжануда. Аль Мактумның айтуынша, Әмірлік ғарыш ғылымына ең көп инвестиция құятын тоғыз елдің қатарына кіреді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде