jasqazaq.kz

Маркос Пизелли «Ақтөбеден» 64 миллионын сұрайды

14 ақпан 2017, 21:45

«Ақтөбе» футбол клубын — бұрынғы ойыншысы сотқа берді. Бразилиялық Маркос Пизелли бір жылдық жалақысын даулап жүр. Оған клубтың берешегі 64 миллион теңгеден асып кеткен.

ktk.kz хабарлағандай, екі жыл «Ақтөбе» сапында ойнаған Пизелли алғашқыда 60 мың доллар айлық алып отырыпты. Онымен қоса ай сайын он бес мың доллар сыйақы тағайындалған. Бірақ 2015 жылы жалақы төлеу тоқтапты. Енді оны сот арқылы өндіруді көздеп отыр. Бразилиялық футболшы «Ақтөбе» клубының үстінен сотқа алғаш арызды жазда түсірген-ді. Бірақ ол кезде судья өзара мәмілеге келуге кеңес беріп, шағымын қарамаған болатын. Ал бұл жолы алашағын даулаған Пизеллидің өзі сотқа келмеді. Орнында тек адвокаты жүр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде