jasqazaq.kz

Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев: Мен мылтық атқан жоқпын

23 мамыр 2025, 12:16

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті ашық сот отырысы жалғасып жатыр.

Тыңдалым марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев пен сотталушы Нұрқияс Илясов арасындағы беттестіру бейнежазбасын зерделеуден басталды.

Бейнежазбада Нұрқияс Илясов оқиға болған күні мылтықты Нұрқанат Ғайыпбаевтан тартып алғанын, өз қолында пышақ болмағанын мәлімдеген. Өз кезегінде Нұрқанат Ғайыпбаев мылтық атқанын жоққа шығарды.

– Жігітше мойындасаңшы, сен мылтық аттыңғой, – деді Илясов.

– Мен атқан жоқпын, – деп жауап берді Ғайыпбаев.

Беттестіру барысында сотталушы Нұрқияс Илясов марқұмды мылтықпен ұрғанын және оқиға орнынан қаруды алып кеткенін жеткізді. Сонымен қатар ол өзінде пышақ болмағанын айтты.

Сонымен қатар Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишімбиева беттестіру кезінде сотталушылардың бірі Абзалдың өзіне «аузыңды жап, сені де өлтіреміз» дегенін айтып, оқиға кезінде барлық қатысушылардың қолында пышақ болғанын мәлімдеді.

Алайда сотталушы Нұрқияс Илясов бұл айыптаулармен келіспейтінін, оқиға орнында марқұмның анасын көрмегенін айтып, беттестіруден бас тартты.

Іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы