jasqazaq.kz

Марат Қарабаев: Елімізде локомотивтердің 52%-ы тозған

21 қараша 2023, 11:30

Көлік министрі Марат Қарабаев локомотив пен жүк көліктерін сатып алу жұмыстары туралы айтып берді.
Қазіргі уақытта, локомотив паркінің жалпы саны – 1 880 және тозу деңгейі – 52%.
«Қажетті локомотивтер санын қамтамасыз ету мен тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 133 локомотив сатып алынды. Локомотивтердің негізгі өндірушілері – отандық Локомотив және Электровоз құрастыру зауыттары. Тағы қосымша локомотив сатып алу мәселесі пысықталуда», — деді М. Қарабаев бүгінгі Үкімет отырысында.
Осылайша 2025 жылға дейін 568 локомотив сатып алу жоспарлануда, бұл жылжымалы құрам паркіндегі тапшылықты толық жояды.
«Оған қоса, елімізде 135 мың жүк вагондары бар. Нарықта 300-ден аса оператор жұмыс істейді. Оның ішінде Қазақстан темір жолына 38 мың вагон тиесілі, олар әлеуметтік маңызы бар тасымалдарға, яғни еліміздің энергетикалық секторына және халыққа жеткізілетін көмірді тасымалдауға жұмылдырылған. 2025 жылға дейін ұлттық оператор қосымша 3 мың ашық вагон сатып алуды жоспарлап отыр. Оның 275-і биыл пайдалануға берілді”, — деп түсіндірді министр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі