jasqazaq.kz

Марат Қарабаев: Әуежайлардағы арнайы техниканың 50 пайызы тозған

19 желтоқсан 2023, 16:13

Әуежайлардағы арнайы техника мен жабдықтардың 50 пайызы тозған. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

«Әуежайлардағы арнайы техника мен жабдықтарына тоқталатын болсақ, олардың тозу деңгейі 50 пайызды құрайды, жақын арада 230 бірлік техниканы жаңарту қажет. Сонымен қатар, барлық әуежайларда мобильділігі төмен жолаушыларға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін мүгедектер арбасын және амбулифт сатып алу маңызды мәселе болып тұр. Бұл жобаларды қаржыландыру жұмыстары жеке әуежайлар үшін өз қаражаты немесе жеңілдетілген кредиттеу есебінен атқарылатын болады. Ал, мемлекеттік әуежайлар үшін Қаржы министрлігімен бірлесіп бюджеттен қаражат бөлу мәселесін пысықтаудамыз», — деді Марат Қарабаев.
Сонымен қатар ол әуежайларға жақын жерлердің заңсыз берілуі ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндігін атап өтті.
«Биыл әуежай аумақтарында жаңа объектілердің пайда болуына жол бермейтін заңнамалық өзгерістер қабылданды. Осыған байланысты әкімдіктер әуежай маңындағы аумақта заңсыз құрылысқа жол бермеуге ерекше назар аударып, бұрын берілген жер учаскелерін мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдауы қажет», – деді министр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі