jasqazaq.kz

«Маңғыстаумұнайгазға» 32 млрд теңге айыппұл салынды

13 қантар 2025, 10:04

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметінде ағынды суды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтаумен байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Прокурорлар тарапынан қолданылған шаралар нәтижесінде, соттың 04.12.2024 жылғы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды.
Осы дерек бойынша компания өткен жылдың 11 желтоқсанында қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды.
JQ-Aqparat

Сурет: Бас прокуратура

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі