jasqazaq.kz

Маңғыстауда мектепті 2 оқушы бітірді (Видео)

01 маусым 2023, 14:48

Бүгін еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, оқу жылы аяқталды.

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына қарасты Сарға ауылындағы Бейнеу мектеп-интернатын екі-ақ түлек бітірді. Өйткені мектепте оқушы саны тым аз.
Биыл Маңғыстау облысында 7439 оқушы мектеп бітірді. Облыс бойынша ең көп мектеп түлегі Мұнайлы ауданында тіркелген. Атамекен ауылындағы №7 мектепті 117 түлек бітірді. Мұғалімдердің айтуынша, мұнда алты 11-сынып болған.

Ал Бейнеу ауданындағы Сарға ауылында 11-сыныпты тек екі қыз бала аяқтады.

«Биыл Сарға ауылындағы Бейнеу мектеп-интернатынан 2 түлек бітірді. Былтыр осы сыныпта көрші ауылдан екі ер бала келіп оқыған еді. Алайда 11-сыныпқа көшетін уақытта олар кетіп қалды. Себебі дене тәрбиесі секілді сабақтар ер балалар үшін қызықсыз болды. Бейнеу мектеп-интернатында 104 оқушы бар. Оның 50-і интернатта жатады. Оқушыларға 29 мұғалім сабақ береді. Бізде 11-сыныпқа дейін оқушылар іріктеліп, тек екеуі ғана қалды. Көбі 9-сыныптан кейін колледжге түсті. Биылғы түлектер алда өздері қалаған оқу орнына түсеміз деп отыр», — дейді мектеп директоры Айса Сағындықов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от MANGYSTAUMEDIA.KZ (@mangystaumedia.kz)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі