jasqazaq.kz

Маңғыстауда анасының атына жер рәсімдеген ауыл әкімі айыппұл төледі

25 шiлде 2025, 10:06

Әкімшілік іс Бейнеу аудандық сотында қаралды. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот анықтамасына сәйкес, Бейнеу ауылының әкімі Нұржан Кенбаев ауыл ішінен тұрғын үй салуға арналған жер телімін өзінің анасының атына рәсімдеген. Бірақ бұл әрекеті туралы тікелей басшысына жазбаша түрде ескертпеген.

— Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкер туысқан адамдарға қатысты шешім қабылдайтын жағдайда, бұл туралы өз басшылығын алдын ала хабардар етуі тиіс. Бұл талап сақталмағандықтан, әкімнің әрекеті заңбұзушылық болып танылды, — делінген хабарламада.

Сотта әкім өз кінәсін мойындап, отбасының қаржылық жағдайын алға тартып, айыппұл көлемін азайтуды сұраған. Бірақ сот жеңілдететін мән-жайларды анықтамаған.

— Сот шешімімен Нұржан Кенбаев ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 680-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 393 200 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Шешім заңды күшіне енді, — дейді Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі.

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті