jasqazaq.kz

Маңғыстау облысының әкімдігі қызмет көліктерін жөндеуге 136 млн теңге жұмсайды

09 сәуiр 2025, 12:27

Сурет: Видеодан кадр

Маңғыстау облысының әкімдігі 23 қызмет көлігін күрделі жөндеуден өткізу үшін 136 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр. Шамамен әр көлікке 6 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

4 сәуірде жарияланған тендерге сәйкес, әкімдікке қарасты басқарманың балансындағы 23 көлік күрделі жөндеуден өткізіледі. Машиналардың маркасы да анау-мынау емес — кілең премиум санаттағы темір тұлпарлар секілді. Жалпы облыс әкімдігінің меншігінде 37 көлік бар, соның жартысынан көбіне күрделі жөндеу қажет дейді шенеуніктер.

Айбек Дүйсенғалиев, Маңғыстау облысы әкімдігі, іс басқармасы басшысының орынбасары: — Көліктер ескірген. 2005, 2010 жылғы көліктер бар. Көбіне қозғалтқыштары, автомат қорабына күрделі жөндеу қажет. Кузов жұмыстары, шанақты сырлау сияқты. Күрделі жұмыс болғандықтан қымбатқа шығып тұр.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі