jasqazaq.kz

Маңғыстау облысында бірден екі әкімнің орынбасары есірткі қылмысына қатысы бар күдікпен ұсталды

18 қыркүйек 2025, 11:03

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері өңір әкімдігінің қолдауымен есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын ұстады. Күдіктілердің қатарында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар, деп хабарлайды jasqazaq.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал өзге күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіліп, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Арнайы операция Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізіп жатқан «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өтті.

Маңғыстау облысы әкімдігі мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық пен заңсыз әрекеттерге мүлде төзбеушілік саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Заң талаптарын бұзғандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес ең қатаң шаралар қолданылады. Мемлекеттік қызмет қатарын адал емес қызметкерлерден арылту – әкімдіктің басты басымдықтарының бірі.

Сурет: Deposiphotos.com

 

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті