jasqazaq.kz

МӘМС жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылданып жатыр

18 мамыр 2023, 16:25

Осы аптадағы Мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов медициналық сақтандыру жүйесін сынап, Үкімет басшысына сауал жолдаған болатын. Премьер-Министр депутат сауалына жауабы берді.

«Сіз көтерген проблемалық мәселелер Үкімет пен уәкілетті органның бастамасы бойынша анықталды. Қазіргі уақытта МӘМС жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылданып жатыр, — деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстанда медициналық жәрдемді үздіксіз көрсетуге бағытталған қажеттілік болжамы негізінде медициналық көмек көлемін алдын ала бөлу моделі қолданылады.
«Қолданылатын тәсіл медициналық қызмет көлемінің артуын ескермейтіндіктен, бұл медициналық көмекті күту мерзімінің ұлғаюына әкеледі. Қазіргі кезде шектеулі бюджет жағдайында медициналық қызметтерді асыра тұтыну байқалады. Осыған байланысты, Е-Денсаулық бірыңғай ақпараттық-технологиялық платформасы аясында денсаулық сақтау жүйесін толық цифрландыру, оның ішінде медициналық көмекті жоспарлау, сатып алу, мониторингілеу және төлеу процестерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізуде, оның нәтижесі бойынша МӘМС қаржыландыру жүйесі жетілдіріледі, — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр МӘМС жарнасын төлемеу мерзімін өзгерту мәселесіне де тоқталды: «Жарнаны төлемеу мерзімін 3 айдан артық ұлғайту мен сақтандыру мәртебесін айқындау төлеушіні жарнаны төлеуден босатпайды, сондықтан бұл мәселені шешпейді. Жарнаны төлемеу мерзімін ұлғайту қарызды көбейтіп, төлеушінің қаржылық ауыртпалығын күшейтеді. Ұзақ еңбек демалысына кететін қызметкерлердің жарнаны төлемеудің объективті себептерін ескере отырып, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау министрліктері ұзақ мерзімді демалыс беру кезінде жарналарды ай сайын төлеу мәселесін қарастырып жатыр».

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі