jasqazaq.kz

МӘМС: Шымкентте қор филиалы мен емханалар қызмет сапасын арттыруға уағдаласты

27 маусым 2024, 14:08

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» Қорының Шымкент қаласы бойынша филиалы мен қаладағы барлық емханалар арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Тараптар келісімді іске асыру барысында медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын және пациенттермен кері байланысты арттыруды, МӘМС жүйесін жетілдіру мен халықты ақпараттандыруды көздейді.

Бүгінгі таңда Шымкентте 58 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесі қызмет көрсетеді. Оның 13-і мемлекеттік медициналық ұйым. Емханаларға тіркелген халық саны 1 226 561 адамды құрайды.

Емханалық деңгейде консультациялық –диагностикалық қызметтер мен бейінді мамандарға көріну және дәрі-дәрмектермен қамту сынды медициналық қызметтің ауқымы да едәуір кеңейген.

Шымкенттіктердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылу қарқыны артуда. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 927 579 азамат, яғни халықтың 82,1 пайызы сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатындағы 725 мыңнан астам адамның жарнасын мемлекет төлеуде. Сақтандырылмаған азаматтар саны 220 731.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі