jasqazaq.kz

«Мама, ақша аударшы»: Алаяқтар 17 адамды сан соқтырды

14 қараша 2024, 11:49

БҚО-да полицейлер өзін жәбірленушілердің баласы ретінде көрсетіп, алаяқтықпен айналысқан топты ұстады. Қылмыстық топ үш жігіттен құралған. Polisia.kz хабарлағандай, Қаратөбе полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілердің бірі WhatsApp қосымшасы арқылы педагогтердің іс-шарасын өткізу үшін құрылған жалпы чатқа кіргенін анықтады.

Чаттың мазмұны мен хаттарды зерттегеннен кейін ол ондағы адамдардан ақша аударуды сұрап, жекелеріне шыққан.
Бұл ретте күдікті жәбірленушілерге өзін солардың баласы сияқты таныстырып, өзінің телефоны сөніп қалғанын жеткізген. Күдіктілердің сөзіне сеніп жәбірленушілер карта деректері мен CVV-кодтарын жіберген. Содан кейін алаяқтар қаражатты қолма-қол ақшаға алмастырған.

Қазіргі уақытта алаяқтықтың 17 фактісі бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Алданғандар арасында басқа өңірдің тұрғындары да бар екені анықталды.
Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрайды. Полиция азаматтардан бөгде адамдармен телефонмен сөйлесу кезінде ғана емес, жалпы чаттарда хат алмасу кезінде де абай болуды сұрайды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі