jasqazaq.kz

Малын тасқын судан құтқарамын деп қаза болды

18 сәуiр 2017, 23:11

Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Железнодорожный аулының тұрғыны малын қауіпсіз жерге айдаймын деп жүріп көз жұмды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, оларды су тасқыны қаупі туралы ешкім хабардар етпеген.

Жексенбі, 16 сәуір күні жүре бастаған су тасқыны туралы ақпарат ауызша тарала бастайды. Жергілікті тұрғындар су тасқыны жетпеген аудандарға көшіп, малдарын әкете бастаған.

63 жастағы ауыл тұрғыны Виктор Шверст малын тасқын судан аман алып қаламын деп жүріп өзі қаза болды.

Көршілерінің сөзіне қарағанда, ол «салқындап қалған». Жергілікті бейітті су шайып кеткендіктен, оны Челгаши ауылында жерлеуге тура келеді.

Бұдан бөлек, Железнодорожный ауылында 25 үйдің тасқын судан зардап шеккені белгілі болды. Тұрмыстық техника, ауыл тұрғындарының төсек жабдықтары мен киімдерін су бүлдірген.

nur.kz хабарлағандай, ресми түрде су тасқынының құрбандары туралы хабарланған жоқ. Полиция Ақмола облысында суға кеткен үйде қайтыс болған жалғызбасты зейнеткерді ішімдікке әуес болғанын айтып, оның жүрек дертінен көз жұмғанын  еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде