jasqazaq.kz

Мәлік Әбдіраман: Сенің ешқандай актерлік қабілетің жоқ

30 маусым 2023, 11:14


Отандық бағдарламаның біріне сұхбат берген актер Мәлік Әбдіраман өзінің «Бауыржан шоу» театрынан неге кеткені жөнінде сөз етті.
«Көп адамның артынан ердім адамның. Солардың шашбауын көтердім. Солардың шопыры да болдым. Үйлерінде қандай тұрмыстық жұмыстар бар, соларды істеп жүрдім. Ол үшін өкінбеймін. Бәрі де сол өнер адамдары ғой. Өнердегі көкелерім. Құдайдан жасырмағанды адамнан несін жасырамын. Біз Қызылордаға барғанда барлығы жиналып, мені жұмыстан шығарып жіберді. «Бауыржан шоуда». Барлығы бас салды да: «Сен көптің бірісің, сенің ешқандай актерлік қабілетің жоқ. Сен кет, егер кетпеймін десе, администраторлық жұмысты атқар», — деді. Сол нәрсе маған себеп болды. Егер сол нәрсе болмағанда, мен қатардағы актер болып қалар едім. Маған қамшы болды. Мен ренжідім оларға. Бірақ қазір солардың әрқайсысының айтқанына ризамын. Әр жаманның артында бір жақсы іс бар деген нәрсеге сол кезде көзім жетті. «Бауыржан шоуда» барлығы менің кетуімді қалап дауыс берді. Сол күні мен Қызылордадан Алматыға қарай пойызға мініп, келгенше көзімнің жасы кеппеді. Түскен бойда Ғабит Мүсірепов атындағы театрға барып, жұмысқа орналастым. Майғазиев жұмыстан шығып жатыр екен. Соның орнына «Қыз Жібек» спектакліндегі Сансызбайдың рөлін ойнап шықтым», — деді актер.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі