jasqazaq.kz

Мақта кластері оңтүстікті өркендетеді

29 маусым 2023, 16:37

Фото: atameken.kz

Фото: atameken.kz

«Американың Техас штатында өсірілген мақта кемемен Азияға жеткізіледі. Шанхайда ақ ұлпадан жіп иіреді. Сол жіптен шаһардағы фабрикада жейде тігеді. Бұйым аппақ киім боп мұхиттың ар жағына жол тартады. Флоридадағы киімнің кеуде тұсына сурет не белгі салып, дүкенге сатады. Арадан біраз уақыт өткенде second hand саудагерлері киілген жейдені жуып, тазалап, Африка, Азия немесе Еуропаның кедей мемлекеттеріне жөнелтеді».

Оқымысты әрі қаламгер Пиетро Риволи «Жейденің әлем экономикасындағы саяхаты» (The Travels of a T-Short in the Global Economy) атты кітабында мақтаның мән-маңызын осылай бір ауыз сөзбен сипаттаған. Бір өңір, бір ел ғана емес, бүкіл әлемдегі жеңіл өнеркәсіптің өркендеуіне серпін берер күш екенін дәлелдейді.

«Ақ алтын» деп атайтын бұл дақыл бізде де өседі. Тек Түркістан облысында. Былтыр 126,3 мың гектар алқапқа тұқым себіліп, 360 мың тонна өнім жиналды. 30 мың тонна ақ ұлпа Молдова, Латвия, Түркия, Өзбекстан және Қытайға жөнелтілді. Есеп-қисапқа салсақ, мақта талшығының бір тоннасы — 285 мың теңге. Ал өңделіп, одан жасалған төсек жамылғысының тоннасы — 2,9 млн теңге. Осыдан-ақ өңірде мақта кластерін дамыту, шикізатты өңдеу арқылы тоқыма өнеркәсібін жолға қою қаншалықты тиімді екені байқалады.

Кәсіпкерлікті өркендетуде елімізде жетекші орын алатын облыс бұл салаға мықтап көңіл бөле бастады. Әкімдік пен инвестор арасында бірлескен жұмысты бекемдейтін Жол картасы дайындалды. Арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтар құрылған. Өңір басшысы Дархан Сатыпалдының айтуынша, диқандар 100 мың тонна мақта талшығын өндіре алады. Шикізаттың тек 15 пайызы ғана терең өңдеуден өтетінін ескерсек, оның көлемін арттыру, сөйтіп, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын шығаратын өндіріс ошақтарын көбейтуге мүмкіндік мол.

Үкімет өңірде мақта кластерін өркендетуге көңіл бөліп отыр. Аймаққа жұмыс барған Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин облыста жүзеге асырылатын бірқатар жобамен танысты. С. Жұманғарин шикізатты қайта өңдеудің маңызына тоқталды. «Түркістан мақта өсіретін жалғыз өңір болғандықтан, мақта кластерін дамытуға Үкімет тарапынан барынша қолдау көрсетіледі. Жергілікті атқарушы билік орындарының осы саланы дамытып, халықаралық наорыққа шығуы аса маңызды», — деді.

Бұл істе инвестор тарту мен тиімді тәжірибе алмасудың мәні зор. Осы мақсатпен көршілес Өзбекстандағы кәсіпкерлермен іскерлік байланыс орнатылды. Облыс әкімі мен өзбектің «Global Textile Group» компаниялар тобының жетекшісі Мұзаффар Разаковпен кездесіп, бірлесіп атқарылар шаруа жайын пысықтады. Дархан Сатыбалды жүздесуде ақ ұлпаны терең өңдеу көрсеткішін арттыру қажеттігін атап өтті. Бірлескен жобаларды іске асыру, әсіресе, жеңіл өнеркәсіп саласында тәжірибе алмасу екі жаққа да тиімді екеніне тоқталды. Ал М. Разаков облыс әкімдігі мен инвестор арасында Жол картасы әзірленгенін айта келе, Мақтарал ауданындағы шаруалармен келісімшарт жасалғанын хабарлады. Мәмілеге сәйкес, биыл 10 мың гектар алқапқа мақта егіледі. Өнімнің түсімін арттыру үшін Өзбекстаннан 300 мың тонна жоғары сапалы мақта тұқымын әкелу көзделіп отыр. «Ақ алтын» көп жиналса, егістік аумағы жыл сайын ұлғайтылады. «Global Textile Group» ақ ұлпаны жергілікті диқаннан жоғары бағамен сатып алады.
Мақта кластері шикізатты қайта өңдеу көлемін арттырып, қазіргі 17 мың тоннадан 66 мың тоннаға жеткізуді көздейді. Содан кейін осы аудандағы индустриалдық аймақта ашылатын өндіріс ошағында тәулігіне 32 мың шұлық пен 500 костюм тігу көзделуде. Бұған қоса, Ордабасы, Сауран, Шардара, Жетісай аудандарында 12 тігін тоқыма тігін фабрикасын ашу жоспарланып отыр. Жалпы 2027 жылға қарай аймақта жоғары сапалы бұйым шығаратын 75 кәсіпорын құрылмақшы. Осы өндіріс ошақтары 41 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Аталған жобалар жүзеге асқан кезде тұтынушыға киім, мата, өзге мақта бұйымдарын ұсынатын жеңіл өнеркәсіп нысандарының қатары молаяды. Импорттың орнын экспорт алмастырып, алыс-жақын елдер Қазақ мақтасынан тігілген киім жер-дүниені аралайтын күн алыс емес.

Талап Тілеген

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее