jasqazaq.kz

Мақсұтбек Айтмағанбет: Адал азамат отбасында тәрбиеленеді

16 қыркүйек 2024, 12:43

Адал азамат ұғымының мәні тереңде. Обал мен сауапты, әділеттілікті бәрінен де жоғары қойып қастерлейтін адам ғана өзінің адалдығынан айнымаса керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әр адам адал азамат деген атқа лайық болса білсе, әділ қоғам орнайтынын баса айтты. Озық ойлы ұлтқа айналып, әлеуетімізді әйгілей түсу үшін заманауи құндылықтарды санамызға сіңіріп, «өзіме ғана болса» деген пиғылдан арылып, елдің ертеңіне, мемлекеттік мығым болуына күш салуға ұмтылуға тиіспіз.

Jasqazaq.kz ақпарат агенттігіне берген пікірінде «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет ұлттық ұстынды қалыптастыруда отбасылық тәрбиенің маңызы жоғары екеніне тоқталды.

«Біз дамыған елдердің көшінің алдыңғы легінен көрінеміз десек, Мұхтар Әуезов айтқандай, «ел боламыз десек, бесігімізді түзеуге» тиістіміз. Мұны Президент те үнемі айтып келеді. Мемлекеттіліктің нығаюы үшін саяси-экономикалық реформаларды жүзеге асырып, соған басымдық беру аздық етеді. Ең алдымен әр адамның ой-түйсігі, сана-сезімі арамдықтан ада болып, мемлекетінің ертеңіне алаңдайтын адалдыққа толы болуы керек. Адал азаматты әр отбасы тәрбиелеп өсіреді. Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды Адал азамат деп сипаттау орынды. Демек мұндай жандар әрбір отбасында өсіп келеді. «Әкелер одағының» төрағасы ретінде айтарым, әрбір әке шаңырақтың тірегі, балаларының болашағына бағдар беруші екенін есімізден шығармасақ деймін. Өйткені заман ағымының ырқынан шығу оңай болмай тұрғаны да заңдылық. Күні бойы жұмыста жүретін әкелердің кейбірінің баласының тәрбиесіне уақыты жетпей жатады. Бірақ ықылас болса, бәрінің қиюын келтіруге мүмкіндік туады. Адал азаматты тәрбиелеу жолында ешқандай сылтау да, себеп те болмауы тиіс. Өйткені біз осындай жандарды шыңдап шығарғанда ғана қуатты елге айналамыз», — дейді Мақсұтбек Айтмағанбет.

Қуан Көшек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі