jasqazaq.kz

Мақсат Жаңабаев: Пирамидаға шыққан тәжікстандықтардың өздері

28 тамыз 2023, 16:30

Астана қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев Тәжікстан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған видеоларға пікір білдірді.

«Шынымен де Тәжікстан Республикасының мәдени күндері аясында үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Ол – Тәжікстанның Соғды облысы шаруаларының жәрмеңкесі. 300-дей ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 1 мың тоннадан астам өнім әкелді. Иә, аталған тауарларды адамдардың алып кеткенін көрдік. Бірақ, тәжік достарымыз ол тауарларды тегін алуға болатынын айтқан. Өйткені, өнім күннің астында бұзылып кетуі мүмкін еді. Өнімдер өте сапалы. Бүгінде Тәжікстаннан қарбыз жеткізілмейді. Өйткені, жеткізу өте қымбат. Сондықтан да адамдар Тәжікстанның тәтті қауыны мен қарбызының дәмін татқысы келді. Өзім де дәмін көрдім, өте тәтті», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел отырысында.

Оның атап өтуінше, жәрмеңке өте жақсы өткен. Тәжік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 2 күнде 1 мың тоннадан астам өнімнің бір бөлігін сатып, бір бөлігін тегін таратты.
«Пирамидаға өрмелеп шыққан Тәжікстаннан келген қонақтардың өздері болды. Олар сол жерден жеміс-жидекті алып, адамдарға тегін таратты. Біздің тұрғындар пирамидаға шыққан жоқ», — деді Мақсат Жанабаев.

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры