jasqazaq.kz

Майра Илиясова жан сырын ақтарды

03 маусым 2023, 19:02


Қазақстанға еңбегі сіңірген әнші Майра Илиясова апасыз жан сыры мен бөлісті
«Өкінішке қарай, балалық бақытты шақ. Анам 37 жасында дүниеден озды. Мен үш жасымда анасыз қалдым. Төрт қызбыз, үлкен әпкем — 14 жаста. Әкем жылқы бағады. Ол кісі де сыртта. Ерте кетеді, кеш келеді. Сол кезде үлкен әпкем мектепке барып жүрген. Мен — үш жастамын. Қатарлас әпкем — бес жаста. Үлкен әпкем мектептен келсе, қатарлас әпкем екеуіміз далада ұйықтап қалыппыз. Күн ыстық, ойнап жүріп ұйықтап қалғанбыз. Бізді үйге кіргізіп, тамақ беретін адам жоқ. Содан үлкен әпкем кешке келіп, әкеме «Мен енді мектепке бармаймын» депті. Әкем шошып кетіп, «Неге бармайсың» дейді. «Мен келсем, осы екеуі далада ұйықтап қалыпты. Қарны ашқан. Беттері сатпақ-сатпақ, топырақ» дейді. Сол күннен бастап ол кісі мектепке бармай, бізге ана орнына ана болып, қарады. Мен үш әпкемнің арқасында қиындық көрмедім. Бірақ ананың орны білініп тұрады. Әкеміз мен 7-сынып оқитын кезімде қайтыс болды. Сол күйі үйленбеді. Ауылда достары үйлен деп айтқанда, «Менің төрт қызым бар. Өгей шеше өгейлігін жасаса, балаларым жасық боп өседі» деп өзі баққан», — деді. Қазір үлкен әпкесінің 75 жасқа келгенін де атап өтті. «Қазір үлкен әпкем — 75 жаста. Біз ол кісіні алақанымызға саламыз. Көрмеген қызығының бәрін көрсетуге тырысамыз», — деді.

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции