jasqazaq.kz

Майдангер марапаттары мұражайға табысталды

13 желтоқсан 2024, 19:38


Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалұлына «Atamnyn Amanaty» ҚБ Бақылау кеңесінің мүшесі, «ҚР Қарулы Күштері ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары, генерал-майор Марат Нағұманов Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан отандастарымыздың бірнеше жауынгерлік наградалары мен жеке заттарын табыс етті.


Бұл тарихи жәдігерлер сол соғыста хабар-ошарсыз кеткен боздақтарды іздестіру және ұрыс даласында тікелей қазба жұмыстарын жүргізу барысында табылған болатын.
1921 жылы туылған Тұрсынғали Ахметов Семей облысы, Жаңасемей ауданы Мұқыр ауылынан әскерге алынған. Ол аға сержант шенінінде соғысып, «Ерлігі үшін» медалімен наградталған екен.


Екінші «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалінің иесі — 1942 жылы Қарағандыдан майданға аттанған аға сержант Павел Гайворонский.
Аталған майдангерлердің артында қалған тікелей ұрпақтары мен туыстарын іздестіру ешқандай нәтиже берген жоқ, сондықтан ерлер есімін мәңгілік есте сақтау мақсатында олардың марапаттарын музейге табыстау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Ұлттық музейге майдан даласынан табылған қызыләскер Игнатий Кравченконың солдат медальоны мен белгісіз сарбаздың оқ тескен қасығы да табыс етілді.


Кездесу барысында «Atamnyn Amanaty» ҚБ » Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев қатысып, қоғамдық бірлестіктің қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары мен болашақ жосапарларына тоқталды.
ҚР Ұлттық музей мен «Atamnyn Amanaty» ҚБ арасындағы қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес екі ұжым Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында талай жұмыстарды жұмыла, тізе қоса атқаруға мүдделі екендіктерін танытты.

Абзал Ибрагим

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі