Махинур Исраилова: Басты құндылық —  ынтымақтастық рухымызды бірлесіп дамыту

28 ақпан, 10:28

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері қоғамда ынтымақтастық рухын  қалыптастыруға айрықша мән беріледі. 130-дан астам ұлт пен ұлыс өмір сүретін мемлекетіміз ынтымақ пен достық, береке мен бірлік, өзара құрмет пен сыйластықты арттыру бағытынан жаңылған емес.   Қоғамдағы ынтымақтастық рухты қалыптастыруда, әсіресе, Қазақстан Халқы ассамблеясының маңызы зор.

Jas Qazaq тілшісі Қазақстан Халқы ассамблеясына қарасты Алматы қалалық «Аналар кеңесінің» төрайымы Махинур Исраиловамен жүздесіп, қоғамда ынтымақтастық рухты қалыптастыруға аталмыш кеңестің қосып келе жатқан үлесі жайында әңгіме-дүкен құрды.

— Махинур ханым, қоғамда ынтымақтастық рухты қалыптастыруда «Аналар кеңесінің» маңызы зор екенін білеміз. Біздің оқырманға осы жайында кеңінен әңгімелеп берсеңіз.

Еліміздегі Қазақстан Халқы ассамблеясына қарасты Алматыдағы «Аналар кеңесі» 2014 жылы құрылды. Кеңеске қаламыздағы 36 этномәдени бірлестіктері кіреді. «Аналар кеңесінің» басты міндеті — еліміздегі ынтымақтастықты, татулық пен бірлікті, толеранттылықты нығайту. Сонымен қатар барлық этномәдени бірлестіктер біріге отырып, жастарды патриот етіп тәрбиелеуге күш салудамыз. Қоғамда ынтымақтастық рухты дамыту жолында біз жүйелі жұмыстар атқарып келеміз.

Елімізді  өзге мемлекеттерден ерекшелеп тұратын қасиеті — ұлттар арасындағы татулық пен достық. Елдегі әрбір мәдени орталық өз дәстүрін, салты мен тілін дамыта отырып, кейінгі ұрпаққа мол үлгі-өнеге көрсетуде. Ал осы үлгідегі басты құндылық — біздің ынтымақтастық рухымызды бірлесіп дамыту.  Қазақстан Халқы ассамблеясы «Аналар кеңесінің» негізгі мақсаты — қоғамдық келісімді нығайту, ұлттар арасындағы өзара татулықты сақтау. Сонымен қатар отбасындағы ең маңызды құндылықтарды насихаттау. Бүгінде  республикамыздағы барлық кеңес мүшелері отандық патриотизмді, тұрақтылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, әр ұлттың дәстүрлері мен отбасылық құндылықтарды сақтауға айрықша үлесін қосып келеді. Әрине, «Аналар кеңесінің» қоғамдағы рухани ынтымақтастықты қалыптастыруда маңызы зор. Өйткені біз отбасы құндылығы, жас ұрпақтың тәрбиесі, сапалы да саналы болашақты қалыптастыру сынды маңызды бағыттарды дамытамыз. Біз үшін еліміздегі әрбір азаматтың жақсы адам болып қалыптасуы маңызды. Біз жастарға еңбек етудің мәнін түсіндіргіміз келеді. Сонымен қатар біз секілді көп ұлтты мемлекетке рухани ынтымақтастықты нығайту, татулық пен достықты насихаттау басты міндет екені сөзсіз.

«Аналар кеңесінің» басты мақсаты өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу дедіңіз. Осы жолда қандай іс-шаралар ұйымдастырылды?

— «Аналар кеңесі» жас ұрпаққа пайдалы іс-шараларды жиі ұйымдастырады. Республика көлемінде жүзеге асқан «Мәдениетті ана — мәдениетті тіл» аясында көптеген кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Қарттарға тағзым», «Бөтен бала болмайды», «Балаларға қуаныш сыйлайық», «Нашақорлыққа жол жоқ» сынды жобалар жүзеге асып, жас ұрпақпен кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. «Аналар кеңесі» мен қаламыздағы жауапты органдардың мамандары бірлесіп, мектеп пен колледждерде жас буындармен кездеседі. Күн тәртібіндегі маңызды тақырыптарға дөңгелек үстел өткізіледі. Бұл кездесулердің барлығы біздің өсіп келе жатқан ұрпақтың болашағы үшін маңызды. Жастарымыз қазыналы қарттарымызды қадірлеуі керек. Біз аталарымыздың ерен еңбегінің арқасында бейбіт өмірді кең байтақ елімізде сүріп жатырмыз. Ұрпағымыз аталарымыздың еңбегін еш ұмытпауы керек. Жастармен кездескен кезде осыны үнемі айтып жүремін. Одан бөлек, елімізде 100-ден астам ұлттың өкілдері тұрады. Бірақ барлығын Қазақстан деген ортақ шаңырақ біріктіреді. Осы ортақ шаңырақта бір-бірімізбен тату-тәтті өмір сүрудің үлгісін бүкіл әлімге паш етіп келеміз. Қазақстан Халқы ассамблеясының да басты міндеті — осы моделді сақтау, татулықты ту ету.

Ассамблея жұмысының барлық бағыты қоғамда ынтымақтастық рухты дамытуға арналған. Бұл жолда көптеген жұмыстар атқарылуда. «Аналар кеңесінің» мұрындық болуымен өткен бірнеше іс-шараларға кеңінен тоқтала кетейін. Қаламыздағы бірнеше балалар үйіне қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Сонымен қатар ерекше балаларға әлеуметтік көмек көрсететін «Аяла» орталығына қажетті тұрмыстық техника сыйладық. Жыл сайын балалар мерекесіне орай көп балалы отбасының балаларына, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық іс-шаралары өткізіледі. Оқушылар мен студенттерге нашақорлық пен лудомания, ішімдік пен электронды темекіәуестену сияқты зиянды әрекеттерден аулақ болуға үндейтін кездесулер, пікір алмасулар  өткізіледі. Біз былтыр осы бағытта Алматы қаласындағы мектептер мен университеттердің 60 пайызын қамтыдық. Өздеріңіз білесіздер, жасөспірім балаларымыздың арасында нашақорлық дерті дендеп барады. Біз осы мақсатта көптеген кездесулер өткіздік. Өйткені болашақ ұрпғымыздың салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығына зиян тигізбеуіне өз үлесімізді қосқымыз келді. Біз еліміздегі рухани құдылықтарды жастардың бойына сіңіргіміз келеді. Мен ойлаймын, әрбір азамат өз елінің патриоты болуы керек. Қоғамға, еліне пайдасын тигізгені дұрыс. Біз жас ұрпақпен жиі кездесіп, осындай шараларды өткіземіз. Өйткені жас ұрпақты тәрбиелі әрі саналы етіп тәрбиелеуге, жол көрсеткіміз келеді. Осындай іс-шаралар арқылы ынтымаққа, бірлікке, татулыққа үндейміз. Осындай игі бастамаларда барлық этномәдени бірлестіктер бірлесіп жұмыс істейді.

Әр ұйымның мақсаты, алға қойған міндеті болады. «Аналар кеңесінің» көздеген мақсаты қандай?

Әрине, біздің кеңестің алдына қойған міндеті де, жоспары да көп. Ең маңыздысы — ұлт тәрбиесі, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың тәрбиесі, ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, патриотизмге баулу. Біздің басты ерекшелігіміз де осы. Жас ұрпаққа жол көрсету, дұрыс бағыт ұсыну. Алдағы уақытта арнайы кездесулер, семинар-тренингтер, конференция-жиындар өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Осылардың барлығы  кеңестің мұрындық болуымен өтеді. «Аналар кеңесі» қоғамда ынтымақтастық рухты нығайтуға арналған іс-шараларын ешқашан тоқтатпайды. Өйткені біздің басым бағытымыз — татулық пен бірлікті нығайту. «Аналар кеңесі» болғаннан кейін, келер ұрпақтың тәрбиесі, тұлға болып қалыптасуы біз үшін маңызды. Сондықтан кеңес мүшелері қоғамдағы ынтымақтастық рухты қалыптастыруда  жұмыс істей береді. Алдағы уақытта осы жолда нақты қадамдар жасалып, тиісті іс-шаралар өтетін болады.  Келер болашақтың патриот болып өсуі үшін бар күш-жігерімізді аямайтын боламыз. Біз өзімізге  артылған жүкті барынша көтеруге дайынбыз.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева

 

 

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды