jasqazaq.kz

64+71: Өскемендегі қарттар үйінде неке қию рәсімі өтті

06 қыркүйек 2024, 15:48

«Махаббат жасқа қарамайды»: Өскемен қаласындағы қарттар үйінде 64 жастағы күйеу жігіт пен 71 жастағы қалыңдықтың некесі қиылды.

Неке қию рәсімін өткізу үшін Шығыс Қазақстан облысының АХАТ қызметкерлері арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келген.
71 жастағы қалыңдық — Людмила Николаевна 71 жасында қарттар үйіне біраз уақыттан бері тұрады екен. Болашақ жарымен осында танысқан. Ал оған сөз айтып, ұсыныс жасаған 64 жастағы Қалыбек Қатеев жар таңдауда жаңылыспағанын айтады.

Людмила Николаевна: «Екі ай кездескеннен кейін маған ұсыныс жасады. Мен «иә» дедім. Осылайша, некемізді тіркедік. Енді мұнда бірге тұрамыз, бізге тіпті бөлек бөлме берілді. АХАТ қызметкерлеріне арнайы келіп, некемізді тіркегені үшін көп рақмет», — дейді.

JQ-Aqparat
Сурет: gov.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі