jasqazaq.kz

«Маған қара күйе жағылуда». Филармония директоры Наркенже Серікбаеваның айыптауын жоққа шығарды

24 маусым 2025, 12:38

Сурет: Видеодан кадр/jasqazaq.kz

Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның әншісі Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, филармония директоры өзіне оғаш сөз айтқанын жайып салған болатын. Өзіне айтылған осы айыптауға қатысты осы филармонияның директоры Ғалымжан Ерназаров мәлімдеме жасады, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

Филармонияның ресми парақшасындағы бейнежазбада директор әншінің сөзін былай деп жоққа шығарды:

«Кешегі әлеуметтік желіде тарап жатқан видео бойынша мен де өз жауабымды бергім келеді. Мен – отбасылы азаматпын, анам бар. Маған және отбасымның атына қара күйе жағылуда. Бұл мәселеде мені де заң қорғайды деп ойлаймын. Сотқа шағымдандым. Соттың шешімін күтейік. Содан кейін барлық әлеуметтік желілерде жария етеміз».

Ерназаров «жұмыстан қудалап жатыр» деген әншінің мәлімдемесі жалған екенін жеткізді:

«Сіздер оның әлеуметтік желідегі парақшасынан көріп отырсыздар, бір күні Жезқазғанда, бір күні Қызылордада тойда жүреді. Ол мүлде жұмысқа келмейді. Біздің қателігіміз – жұмыста болмағаны үшін қызметінен босату керек болғанда да жанашырлық танытқанымыз еді».

Филармония директоры өзінің кәсіби біліктілігіне қатысты сынға да жауап берді.

«Мамандығым сәйкес болғандықтан және өнерге жанашыр болған соң, бұл қызметті атқарып отырмын. Шетелге іссапарлар ресми негізде жүзеге асады: елші хаты, басқарманың рұқсаты болады. Бұл қаражатты босқа шашу емес. Астана күнін атап өту мақсатында ұйымдастырылған іссапар», – дейді ол.

JQ-Aqparat

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды