jasqazaq.kz

Мәдина Сәдуақасова: Ота жасатқанда көзің жабылмай, бетің қисайып қалады

06 сәуiр 2023, 13:26


Әнші Мәдина Сәдуақасова пластикалық ота жасатпауының себебін ашып айтты. Өнер иесі оқырманнен келген: “Пластикалық ота жасату ойыңызда бар ма?” деген сауалға: “Иә, жиі ойлаймын. Қабақ, мұрын, ерін… Ойлап жүргеніме 8-9 жыл болды. Тез шешім қабылдап, ота жасататын жандарға қызыға қараймын. “Не тоқтататады?” дейсіздер ме? Ота сәтсіз аяқталатын кездер де болады. Ал мен мүлдем пластикалық ота жасатып көрмегендіктен қорқамын. Адамдар әр түрлі болады, біреулердің тамырлары жақын орналасады, бас сүйегінің пішіні өзгеше, енді бірінің терісі басқаларға ұқсамайды. Сөйтіп ота жасатқанда көзің жабылмай, бетің қисайып қалады. Дәрі-дәрмекке аллергия болса ернің ісіп кетеді. Мұрынды қалпына келтіре алмайсың. Түзеу үшін уақыт керек. Алайда сіз “Дәрігер ешқандай кепілдік бермейді” деген құжатқа қол қойғансыз. Кейін “Нем бар еді?” деп өкінесіз. Көз алдыма осындай көріністер келе береді”, – дейді өнер жұлдызы.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық