jasqazaq.kz

Мәдина Сәдуақасова: Олжаспен бағдарламада таныстым

18 қыркүйек 2023, 10:42

Әнші Мәдина Сәдуақасова өміріме үлкен жаңалықтар алып келген құрбысы туралы сыр шертті.
Продюсер Айнұр Көпбасарова туралы кеңінен әңгімеледі. Ол әншінің телевизия әлеміне келуіне тікелей себепкер болған. «Өмірімді түбегейлі, жүз пайыз деп айтуға да болады, өзгерткен — осы Айнұр. Жүргізуші ретінде таныстырған, менің өміріме жаңалықтар алып келген… Мен жолдасым Олжаспен сол Айнұрдың бағдарламасында таныстым. «Таң қалмаңыз» бағдарламасында Олжас режиссердің көмекшісі болды, жас бала. Айнұр ұлымның кіндік шешесі. Мен өмірге қыз келеді деп ойладым. Қызды болсам, атын Айнұр қоямын дегем. Ұлымның атын да Айнұрға ұқсатып, Ануар деп қойдық», — деді өнер иесі.
«Мен Мәдинаны қызметкер, жүргізуші емес, сіңлісі ретінде қарадым. Ол маған әпке ретінде бағынды. Өзімнің туған сіңлім жоқ. Мәдина сияқты сіңлі берді Алла. Інімнің де қыздары туылды. Мәдинаға құрбыдан гөрі, сіңлім ретінде қараймын», — деді Айнұр Көпбасарова.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі