jasqazaq.kz

Мәдениетті қайыршыға 1 теңге де бермес едім

19 сәуiр 2023, 13:10

Блогер, әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар Гелендваген көлігін алуға жылу жинап, 1 күнде 2,5 миллион теңге жинаған.

Алайда, оның бұл әрекеті халықтың ашуын тудырған сияқты. «Гелик аламын. Тезірек жинауымыз керек» деп қуанған Әсел Асқарды желі қолданушылары әбден сынауда.

«Кеше ғана менің гелигіме сбор ашқан едім. Бір тәулік өткен жоқ ақша жинап жатырсыздар. Мен шоктамын! Маған бір жігіт Гелик сатамын деп жазды. Бұл да тағдыр шығар. Мүмкін алдын ала төлем қалдырып кететін шығармын. Жақында гелик алып қалатын шығармын. Бірақ, бұл үшін тезірек жинауымыз керек», — дейді ол.

«Әп сәтте ғашық болдым. Ұмыта алмастай сен менің арманымсың! Жанымда болған айғырымсың, Жаным менің геленім! Арманымды жүзеге асыруға көмектесші», — деп банк шотын қалдырыпты.

Бұл видеоны көрген жұрт «Мәдениетті қайыршы», «Біреуге жан, біреуге мал қайғы», «1 теңге де бермес едім», «Жетпегені осыларға машина алып беру» деген пікірлерін жазуда.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі