jasqazaq.kz

Мәдениеттанушы: Мәһірге пәтер, автокөлік сұрау – көргенсіздік

13 наурыз 2024, 12:03

Мәдениеттанушы Асылбек Байтанұлы зайырлы қоғамның қызы тұрмыс құрарда мәһірді сұрамау керегін айтты. Оның сөзінше, бұл – зайырлы қазақ қоғамына жат дүние, — деп жазды Massaget.kz.

«Мәһір – «Құран-Кәрімде» міндетті түрде берілуі тиіс дүние ретінде қарастырылған. Яғни «Ниса» сүресінің 4-аятында: «Әйелдердің мәһрлерін ықыласпен беріңдер. Егер әйелдер өз еріктерімен сендерге мәһрдің бір бөлігін берсе, одан сіңімді түрде жеңдер», — делінген. Бірақ бүгінгі зайырлы қоғамымызда қалыңдықтың болашақ жарынан мәһр сұрауының қажеті жоқ деп білемін. «, — деді Байтанұлы.

Мәдениеттанушы зайырлы қоғамның қызы тұрмысқа шыққан кезде мәһір сұрамауға тиіс деп біледі.

«Өз басым жақын туыстарыма, сөзімді тыңдайтын таныстарыма: «Мәһр сұрамаңдар, сұратпаңдар», — деймін. Зайырлы қоғамда мәһір сұрау дұрыс емес, өйткені елімізде Парламентте талқыланып, сенатта қаралып, Президент бекіткен «ҚР Неке және отбасы» туралы заң бар. Бұл заң бойынша, мемлекет өкілінің қатысуымен неке қиылып, қол қойылғаннан кейін екі тараптың бүкіл мүлкі, көлігі, материалдық құндылықтары ортақ болып саналады. Яғни екі жақта мүлікке ортақ деген сөз. Ал, екі жастың некесі қиылып, оның үстінен мәһр сұралса, бұл – артық дүние-мүлік талап ету деген сөз. Қалтаға ауырлық түсірмейтін арзанырақ сырға-жүзікпен қанағанттанбай, араны ашылып, арсызданған кейбір қыздардың пәтер, автокөлікке дейін сұрап жатуы – заңдық сауаттылығы жоқтығы әрі көргенсіздігі. Мәһрлік дәстүрді ұстанатын мемлекеттер бар, бірақ бүгінгі таңда дамыған араб мемлекеттері зайырлық қоғамның заңнамаларына кіріп жатыр. Сондықтан мәһір қазақ қоғамына жат дүние», — дейді мәдениеттанушы.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі