jasqazaq.kz

Мәдениет пен өнер: шетелдегі қандастарымызға әрдайым қолдау көрсетіледі

17 қараша 2023, 11:23

Санкт-Петербург қаласында 16-18 қарашада  аралығына жоспарланған IX Халықаралық мәдени форум өтіп жатыр. Онда 70-тен астам елдің делегациясы мәдениет пен өнер саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.
Форум аясында еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өмірі мен шығармашылығы Қазақстанмен тікелей байланысты қазақстандық және ресейлік мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесу өткізді.


Шараға музыканттар, әншілер, режиссерлер, актерлар, әдебиет қайраткерлері, мүсіншілер мен суретшілер қатысты.
Жиында министр әнші Әлия Кикеноваға «Шапағат» медалін табыс етті.
«Мен үшін бұл жоғары марапатты алу өте маңызды. Мен әрқашан және барлық жерде қазақ мәдениетін насихаттауға тырысамын. Бұл маған жұмысты жалғастыруға ынталандыру», — деді А.Кикенова.
Кездесуде мәдениетті дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру және мәдениет қайраткерлерін қолдау мәселелері талқыланды.
Мәдениет қайраткерлері Қазақстанның мәдениет министрлігімен түрлі форматтағы ынтымақтастық перспективаларына үлкен қызығушылық танытты.


Кездесуде Аида Балаева Ресейде тұрақты тұратын қандастарымыздың қазақ қалаларының сахналарында өнер көрсетуіне және олардың шығармаларын қазақ оқырмандары мен өнер жанашырларының арасында кеңінен насихаттауға мүмкіндік туғызуға көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Ол суретшілер мен мүсіншілердің шеберлік сабақтарын, семинарларын, көрмелерін өткізу жобаларына ерекше көңіл бөлді.
JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі