jasqazaq.kz

Мәдениет қызметкерлерінің форумына 600-ден астам сарапшы қатысты

19 мамыр 2025, 21:15

2025 жылғы 19 мамырда Астанада Мәдениет қызметкерлері форумының ашылуы болып өтті. Іс-шара мәдениет және өнер қайраткерлерінің кәсіби мерекесіне арналды.

Алдағы үш күн бойы музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің және мәдени-демалыс мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері саланы дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстар әзірлейді.

Панельдік сессиялар бір мезетте бірнеше алаңда өтуде. Мәселен, Ұлттық музейде III Қазақстандық музей конгресінің ашылуы болып өтті. Оның негізгі тақырыбы – тарихи-мәдени мұраны сақтау. Жиында сарапшылар теориямен қатар практикалық мәселелерге де назар аударды. Қатысушылар экспонаттарды консервациялау мен реставрациялаудағы басты жетістіктермен танысып, археологиялық артефактілерді сақтау бойынша шеберлік сабағына қатысты.

Осы уақытта концерттік және мәдени-демалыс ұйымдарының өкілдері сахна шеберлігі, режиссурадағы инновацияларға, продюсерлікке және костюмографияға арналған дөңгелек үстелдерге, шығармашылық зертханалар мен мастер-класстарға қатысты.

Өңірлік кітапханалардың басшылары мен мамандары да бас қосты. Олар даму­дың заманауи стратегияларын, цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесін талқылады. Күн тәртібінде жасанды интеллектті пайдалану және құжаттық мұраны сақтау секілді мәселелер қозғалды.

Форум аясында «Рухани қазына – 2025» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалі ашылды. Оған қатысу үшін 85 кітапхана, 50 мәдени-демалыс ұйымы және 30 музей өтінім берді. Құрамында кәсіби мамандар бар қазылар алқасы әрбір өтінімді қарап, 19 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы