jasqazaq.kz

Маңғыстаулық ата-ана: Ғаламтор жалқаулықтың бастауы

17 қыркүйек 2016, 14:29

Оқу жылы басталғалы Маңғыстау облысының ата-аналары ғаламтордан жаппай бас тарта бастаған. Бұған балалардың сабаққа деген қызығушылығының төмендегендігі себеп болыпты. Ал психологтар «оқушылар оқулықты парақтағаннан, ғаламтордан қиналмай -ақ керек ақпаратты тауып алады. Бұл сауатсыздық пен еріншектіктікке бастайтын алғашқы белгі», — дейді.

Сүндетәли биыл бірінші сыныпқа барды. Бастапқыда мектепке барғанына қуанғанмен қазір баланың оқуға ынтасы мүлдем жоқ дейді анасы. Оған себеп, ғаламтордағы қызықтар екен. Қолы қалт етсе болды, ұялы телефонның ішіне кіріп кете жаздайды. Сондықтан анасы  үйдегі ғаламторды ажыратып, ұялы телефондағы интернетті де шектеп тастағанын айтады.

Айнұр Жұманазарова,  Ақтау қаласының тұрғыны:

— Баланың көңілі сабаққа көп бөлінбейді. Себебі, 2-3 сағат отыра берсе сол ғаламторда, ғаламтордан шыққан соң оқы десең ары қарай оқуға ынтасы болмайды. Сол себептен біз ғаламторды ажыратып тастадық.

Айнұр дұрыс шешім қабылдады,- дейді психолог маман. Жаңа оқу жылы басталғалы өңірдегі Айнұр секілді жүздеген ата-ана үйіндегі ғаламтордан бас тартыпты. Өйткені, ол уақытты бос өткізу ғана емес бала мінезіне де кері әсерін тигізеді.

 Гүлсара Қарайшықова, Психолог:

— Бала интернетке көп ойнап, соған үйренісе бергендігі әдет болып қалыптасады.

Статистикалық мәліметке сүйенсек Қазақстанда13 миллионға жуық ғаламтор пайдаланушы бар екен. Бұл халықтың 80 пайызы. Оның ішінде балалар да бар. Олардың 72 пайызы оны пайдалы десе, 24  пайызы оның зиянды екенін көрсетіп отыр.

Әр адам тәулігіне кемінде 8  сағатты әлеуметтік желіге жұмсайды екен.

31.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде