jasqazaq.kz

Маңғыстау облысында марафон кезінде бір адам қайтыс болды

18 тамыз 2016, 23:46

Маңғыстау облысында өткен марафон кезінде бір адам қайтыс болды. Велошеру бойынша сынға түскен 34 жастағы Саян Кеншімбаев аптап ыстыққа шыдай алмай, жарыс жолында қан қысымы көтеріліп есінен танып қалған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізгенімен, қатысушы көз жұмған. Саянмен бірге сайысқа түскендер редакцияға келіп, марафон кезінде кемшіліктер аз болмады деп отыр.

Марафон 14 тамыз күні Маңғыстау ауданы әкімдігінің қолдауымен Шетпе ауылында бірінші рет өткізілген. Алайда Шетпе ауылының 50 жылдығы және құрылысшылар күніне орай ұйымдастырған шара қайғымен аяқталды. «Каспий цемент» зауыты демеуші болған. Велошеруге қатысқан 30 адамға 40 градус ыстықта 50 шақырым жол жүру міндеттелген. Велосипедпен бес сағаттық жолды жүріп өткен Саян Кеншімбаев аптап ыстыққа шыдамай талып қалады. Жедел жәрдем оны аудандық ауруханаға апарған. Жағдайы тым ауыр болғандықтан, азаматты алты сағаттан кейін облыстық ауруханаға жеткізгенін куәгерлер айтады. Алайда азаматты аман алып қалу мүмкін болмаған. Дәрігерлер Саянның инсульттен қайтыс болғандығы туралы қорытынды шығарған.

34 жастағы Саян Кеншімбаев Қызылорда өңірінің тумасы. Ақтаудағы компанияда жұмыс істеген. Артында 4 баласы қалды. Ол өзінің туған жерінде жерленді. Енді туыстары, достары мен куәгерлер Ішкі істер министрлігінің тексеріс жасап, кінәлі азаматтарды жазаға тартуын талап етпек. Ал  ұйымдастырушылар осы мәселе бойынша тек ертең жауап беруі мүмкін.

 

www.31.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді