
Форт-Шевченко қаласының тұрғындары кеше сүтқоректілердің 8 өлексесін тапса, бүгін олардың саны 243-ке жетті.
Жағаға шыққан итбалықтардың өлекселері бір-бірінен оншақты метр қашықтықта табылған. Мемлекеттік инспекторлар қазірше дабыл қағуға ерте деп бейқам отыр. Өйткені итбалықтар жаппай қырылды деп айту үшін бұл көрсеткіш аздық етеді екен. Сондай-ақ, олар теңіз жануарлары өлімінің бірнеше себебін атады. Сүтқоректілердің үлкен кемелердің астында қалып қоюы, эпидемияға шалдығуы, браконьерлер қолынан немесе кәріліктен өлуі мүмкін. Оның үстіне, теңіз жағасында табылған итбалықтардың өлімін инспекторлар бір-бірімен байланыстырып отырған жоқ.
Қуанғали Ашахов, Маңғыстау аймақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі иснпекциясы басшысының орынбасары:
–Нәтижесі 1 айдан кейін шығады. Жұмыстың жүргізіліп жатқанына 10 күндей ғана болды. Неден өлгенін мен айта алмаймын.