jasqazaq.kz

Маңғыстау облысында экологтар жұмыртқадан улы химикат тапты

13 сәуiр 2017, 21:45

Бұл азықтың құрамынан кәдімгі пластмассаларда кездесетін қауіпті қоспа анықталған. Оның әсері бірден білінбегенімен, уақыт өте келе белсіздік пен бедеулікке әкеледі екен. Десе де, қолдың жұмыртқасын күнделікті сүйсініп жейтін батыстықтар бұдан еш сескенбей отыр.

Маңғыстаулық экологтар енді жұмыртқа жемейтін болыпты. Тауық өнімін тексеріп шыққан мамандар оларда ақуыз бен сарыуыздан бөлек, гексабромциклододекан деп аталатын қауіпті химиялық зат барын анықтаған.

Кирилл Осин, эколог:

-Тексеру кезінде жұмыртқалардан диоксин секілді бірқатар химиялық қоспалар анықталды. Олар көбіне көлік бөлшектерінде, пластмассаларда кездеседі. Құстар үнемі қоқыс арасында жүреді. Сондықтан қазір олардың өнімін тұтыну қауіпті.

Ал сараптама Чехияда жүргізілген. Елімізде азық-түлікті жан-жақты тексеретін зертхана болмағандықтан, жергілікті экологтар жұмыртқаларды сонда жіберіпті. Халық көп тұтынатын азықтан улы химикат аса көп мөлшерде бұған дейін Германияда анықталған болатын. Ал біздегі көрсеткіш одан тоғыз есе асып түсіпті.

Мартин Скальский, эколог-дәрігер:

-Бұл химикаттар тобы адам ағзасына бірден әсер етпейді. Әсері 10 жылдан кейін байқалуы мүмкін. Әрі ол қан арқылы ұрпағына беріледі. Соның салдарынан адам қатерлі ісікке немесе белсіздікке, бедеулікке ұшырауы ықтимал.

Бірақ белсіздік те, бедеулік те батыстықтарды қорқытып отырған жоқ. Қайта бұл өнімді күнде жейтін тұрғындар қолдың жұмыртқасынан пайдалы ас жоқ дейді.

Ербол Қыдыров, Басқұдық ауылының тұрғыны:

-Сол күнде туғанын жеп жатамыз енді. Комбикорм, көкшөбін береміз. Нан береміз.Аптасына екі рет дәрісін береміз.

ktk.kz хабарлағандай, бұған дейін жергілікті экологтар шұбаттан да шикілік тапқан болатын. Онда да ұлттық сусында сан түрлі бактерияның бары айтылған. Сарапшылар бұған Маңғыстау экологиясының нашарлығы себеп деп отыр. Оған кінәлі мал емес, тұрғындардың өздері. Қоқысты беталды тастап, ал тауық, түйе атаулы содан қоректенген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде