jasqazaq.kz

Мақсат Үсеновті Бангкок полициясы ұстап әкетті (видео)

05 маусым 2017, 16:19

Air Astana әуе компаниясының өкілдері Мақсат Үсеновтің ұшақ бортындағы оқиғасына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін 00:46-да Алматыдан Бангкокқа «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы ұшып шықты, ұшақ КС 931 рейсін орындады. Бортта 70 жолаушы болды, оның ішінде азамат Үсенов те болды. Ұшу кезінде ол әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бірнеше рет бұзды. Осыған байланысты әуе компаниясының экипажы процедураға сәйкес Бангкок әуежайына қонған кезде сағат 8:30-да жолаушыны Тайландтың полицейлеріне өткізді», — деп хабарлады әуе компаниясындағылар. Сонымен қатар, компания өкілдері әуе кемесінде тәртіп ережелерін сақтамау және бортта шылым шегуге жол жоқ екенін айтты, себебі бұл әрекеттер ұшу кезінде қатер төндіріп, өзге жолаушыларға ыңғайсыздық туғызады. Еске салайық, осыған дейін Павел Коктышев Facebook желісінде Мақсат Үсеновтің борттағы орынсыз әрекеттері жайлы айтып берген еді. Ол оқиғаның видеосын жариялаған.

https://www.youtube.com/watch?v=nYYmSQ-XCRE&feature=youtu.be

https://www.youtube.com/watch?v=CCkfTKQ62lE

https://www.youtube.com/watch?v=1a4DqQJ2fbE

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде