jasqazaq.kz

Мақпал Жүнісова: Мен Гүлнұрдың кешіріміне зәру емеспін

17 сәуiр 2017, 13:17

Мақпал Жүнісова өзін ренжіткен Гүлнұр Оразымбетованың кешіріміне зәру еместігін жеткізді.

Мақпал Жүнісованың әніне түсірілген бейнебаян белгілі бір бағдарламадан көрсетілуі тиіс болатын. Алайда ол уақытта әнші орындаған саундтректің монтажы әлі бітпеген екен. Сол себепті әлгі бағдарламаға Сиви мен Ринат дайын тұрған саундтректі ала барған. Ол – Гүлнұр Оразымбетова мен «Саламат» тобы орындаған ән.

Осыдан кейін Гүлнұр Оразымбетова бір құшақ гүлін алып Алматыға келді. Болған жағдайдың анық-қанығын әпкесіне түсіндірмек болды. Алайда Мақпал Жүнісова оны тыңдаудан бас тартты.

«Сиви жай ғана менің әнімді алды. Мен Гүлнұрдың кешіріміне зәру емеспін. Ол өзінің қандай адам екенін көрсетті. Мен, тіпті, ренжіп әуре болмаймын», – дейді Мақпал Жүнісова.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Гүлнұр Оразымбетованың әпкесі Мақпал Жүнісовадан кешірім сұрау үшін Алматыға арнайы келгені туралы жазған болатынбыз.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде