jasqazaq.kz

Мақпал Жүнісова қарды неге өзі күрегенін айтты (видео)

20 ақпан 2017, 14:19

Жуырда әнші инстаграм желісіндегі парақшасына өзінің қар күреп жүрген сәті таспаланған видеосын салған-ды. Көпшілік оның бұл әрекетіне қатты таң қалды.

caravan.kz хабарлағандай, Мақпал Жүнісованың қар күреп жүрген видеосын инстаграм желісінде мыңдаған көрермен тамашалап үлгерді. Осылайша танымал әнші қар тазалап, дүйім жұртты таң қалдырған еді. Жұлдыз күнделікті қарды осылай күрейді екен. “Желідегілер сондай қатты таң қалады деп ойлаған жоқпын. Жалпы қар жауған сайын ауламызды тазалаймын. Кез келген жер үйдің ауласы болады. Бір шетінен өзің де сергіп қаласың. Халықты қар тазалауға шақырмайсың ғой”, – дейді ол.

Ел-жұрттың көмегіне жүгінбей, үй шаруасымен өзі айналысатын әнші – Қарағанды облысындағы қарапайым ауылдың қызы. Кез келген шаруаға етене кірісіп кете алады. Мұнымен қатар, ол жалғыз қызы Мерейдің пысық келін болатынына сенімді.

“Сиырдың жапасының барлығын күрекпен үйіп, кепкен соң одан қи жасайтынмын. Артынша барлығын бір-бірінің үстіне үйіп қоямын. Қажет кезде отты да жақтым. Одан мен кем болған жоқпын. Жұмысшыларды үйге шақырып, ауланы жинатуға жағдайым жетеді. Бірақ, қазір қызым өсіп келе жатыр. Сол қызым үшін жұмысшылар алмай отырмын. Мерейді алғаш рет қар тазалауға шығарған кезде, “Мама, мен мұндай жұмысты қалай жасаймын?” деп кәдімгідей біртүрлі болып қалды. Мен “Мұның еш қиындығы жоқ. Айналайын, біреудің үйіне келін болып түсесің. Сол кезде қолынан дым келмейді деп ойламасын. Ыдыс-аяқ, еден жуып, киімдеріңді реттеп, таза ұстауға үйрен” деп қызыма ақылымды айтып жатырмын. Мен секілді жер үйде тұратындар өз шаруаларын өздері бітіргендері дұрыс”, – дейді Мақпал Жүнісова.

https://www.instagram.com/p/BQFm2vclza1/?taken-by=zhunusova.makpal

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді