jasqazaq.kz

Ғ.Мәжиев: «Халал» сертификатын Діни басқарма ғана беруі тиіс

31 қантар 2017, 14:43

«Халал» деген сертификатты Діни басқарма ғана беруі тиіс. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының аппарат басшысы Ғалымбек Мәжиев айтты,  деп хабарлайды Baq.kz.

«Біз бір аптадан бері халал индустриясын дамыту бойынша шараларға қатысып жатырмыз. Малайзия елінен халал стандарты бойынша мамандар келіп жатыр. Отырыс өте маңызды. Біз осы отырыста жақсы ұсыныстар алдық. Өзіміздің тарапымыздан осы үкіметаралық топқа бірнеше ұсыныс енгіземіз. Қазіргі уақытта Қазақстанда «халал» деген сертификат беретін бірнеше жекеменшік мекеме бар. Осының барлығын жойып, Қазақстанда бір халал логотипін енгізуді ұсынамыз. Сертификат бір жерден ғана берілуі керек. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, Малайзия мен Қырғызстанда осылай. Сертификат беруші ретінде өз тарапымыздан Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасын ұсынып отырмыз», — деді Ғ.Мәжиев.

Оның айтуынша, діни басқарма – еліміздегі бірден-бір республикалық ислам бірлестігі. Сонымен қатар «халал» мәселесі – ең алдымен діни ұғым. Халал дегеніміз – Аллаһ тағаланың атымен бұйыратын нәрсе. Ол «адал, таза» деген мағынаны білдіреді.

Айта кетейік, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң бастамасымен 25 қаңтар күнi Қазақстанға Халал индустрия саласындағы малайзиялық орган өкiлдерiнiң тобы келген болатын. Сарапшылар Қазақстандағы мүдделi мемлекеттiк органдармен кездесiп, малайзиялық тәжiрибемен бөлiстi. Сондай-ақ, шетелдiк мамандар елордадағы азық-түлiк шығаратын кәсiпорындарды аралап шықты. Малайзиялық сарапшылар диагностикалық миссияның қорытындысы бойынша Қазақстанда Халал индустрияны кезең-кезеңмен дамыту бойынша ұсыныстар жасады. Мәселен, Ислам даму банкi мен Малайзия Қазақстанның халал индустриясын дамытып, өнiмдерiн экспорттауға көмектеспек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде