jasqazaq.kz

Мұз құрсауынан құтқарылған қабандар (видео)

19 қантар 2017, 19:50

Аңшылар аңды аулаудың орнына, құтқарып қалды. Желіде жарияланған осы оқиға қолданушылардың назарын аударуда. Видеоның қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Алайда, әңгіме арасында аңшылардың қазақша сөйлегені естіліп тұр.

Видеода айтылғандай, бұл жігіттер қоян аулауға шыққан сыңайлы. Із шалып жүрген аңшылар аяқ астынан мол олжаға – ойыққа түсіп кеткен үш қабанға тап болады. Бір қызығы, олар қабандарға тиіспей, қайта оларды құтқаруда. Мына бейнетүсірілімде үш қабанның мұз ойығына түсіп кетіп, судан шыға алмай жатқандары көрініп тұр. Аңшылар оларға көмек қолын созуда.

«Өзіміз құлап кетпейміз бе? Қабандар сияқты… Міне, қоян қуамыз деп… Ей, тиіспеңдер, біз сендерді құтқаруға келе жатырмыз» — дейді аңшылардың бірі. Екінші аңшы жалаң қолымен бір қабанды құлағынан тартып алып шығып, «Мені суретке түсірсеңші» — дейді жолдасына.

Оны жібере салғаннан кейін, екіншісін де алып шығады. Ал, үшіншісіне көмектесе бергенде, қабан оны тістемек болады. Осы кезде видео үзіліп кетеді. Видеоның қайда түсірілгені және үшінші қабанды ойықтан шығарған-шығармағаны белгісіз.

https://www.youtube.com/watch?v=j85R-T5NeAk

Baq.kz
Айым СЕРІКБАЙҚЫЗЫ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде