jasqazaq.kz

Мұз ойылып, бір балықшы көз жұмды

08 қараша 2016, 15:56

99f883c0a81316f02f012cbf9b43d79a_resize_w_520_h_

Қарағанды облысындағы «Қ.Сәтбаев» атындағы су қоймасында төтенше жағдай орын алды. Үш балықшы мұздың жарылып кетуі салдарынан суға түсіп кеткен. Оқиға орнында бір балықшы қаза тапты.

Қайғылы оқиға Қарағандының Осакаров ауданынан 12 шақырым қашықтықтағы «Қ.Сәтбаев» атындағы су қоймасында орын алған. Жұқа мұз ойылып, суға түсіп кеткен үш балықшының екеуін сол жерде болған басқа балықшылар шығарып алған. Ал тағы бір балықшы оқиға орнында қаза болған.

«1977 және 1957 жылы туған екі азаматты басқа балықшылар шығарып алып, өздерінің жеке көлігімен емдеу орнына апарған. 1966 жылғы тағы бір азаматтың денесін де сол жердегі балықшылар судан шығарып алған. Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — дейді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Қуаныш Мүттәлапов.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы жағдайдың орын алуына балықшылардың немқұрайлылығы себеп болған. Олар мұздың жұқа екендігін біле тұра, өмірлерін қатерге тігіп, балық аулауға шыққан. Қарағанды облысы ТЖ департаменті барлық азаматтарға күзде мұздың үстіне шығу қауіпті екендігін еске салады.

«Қарағанды облысында бұл уақытта мұз қатып үлгермейді. Сондықтан да тұрғындарға мұз үстіне шығудың қауіптілігін ескертеміз», — деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде