
Мәскеудің шығысындағы Новокосинск көшесінің бойындағы үйлердің жоғарғы қабатынан 6 жасар бүлдіршін құлап, арада екі сағат өткен тағы бір жасөспірім құлап кетті, – деп хабарлады Риа Новости.
Осыған дейін 6 жасар балның 16 қабатты тұрғын үйдің балконынан құлап кеткені айтылды. Оны тікұшақпен балалар хирургиясы мен дене жарақаты ғылыми-зерттеу институтына жеткізген. Баланың жағдайы өте мүшкіл деп бағаланып отыр. Тергеу комитеті тексеру жұмыстарын бастады. «Жоғарыдан құлап тірі қалған балаға қатысты оқиға сағат жергілікті уақыт бойынша шамамен 13-30-дар шамасында болған. Ал арада тұп-тура екі сағат өткен соң, яғни 15.30-дар шамасында осы көшенің бойындағы басқа үйдің жоғарғы қабатынан 8-ші сыныптың оқушысы құлады кетті», – деді агенттікке хабарды жеткізген адам. Оның сөзінше, жасөспірім жерге құлаған мезетте мерт болған. Оқиғаның өзіне қол салу әрекеті ме, әлде оның басқа да себептері бар-жоғын дереккөз айтпады. Ішкі істер министрлігінің Мәскеудегі өкілдігінің қызметкерлері Новокосинск көшесінде жасөспірімнің денесі табылғандығын растады. Алайда оқиға туралы жан-жақты ақпарат бермеді.