
Мәскеудің Дмитров ауданында Қазақстаннан «Газель» көлігімен барған екі азаматтың мәйіті табылды.
БАҚ-тың мәліметінше, олар тауар алу үшін қоймаға келген. Тауарды уақытында алып кетпеген олар іздестіріле бастаған. Журналистерге бұл хабарды жеткізген адам олардың тұншықтырғыш газдан уланғанын айтады. Алайда бұл мәліметті ресми органдар әлі растаған жоқ. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.