jasqazaq.kz

Мәскеу тұрғыны Қазақстанға танк сатпақ болған

21 наурыз 2017, 22:30

Ресейдің Челябі облысының соты Мәскеу тұрғынын 2015 жылы Т-34-85 маркілі танкісін пойызбен Қазақстанға жеткізбек болғаны үшін шартты түрде 3 жылға соттады.

Бұл туралы Риа Новости агенттігі Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің Челябі облысы бойынша басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Карталы қалалық соты Мәскеу тұрғынан Ресей аймағынан Кедендік Одаққа мүше мемлекеттердің шекарасына ірі көлемдегі мәдени құндылықты заңсыз алып өтуге ұмтылғаны үшін кінәлі деп тапты. Сот ер азаматты 1 жыл 6 айлық сынақ мерзімімен шартты түрде 3 жылға соттады»,-делінген хабарламада. Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, құжаты бойынша Ресейдің мәдени құндылығы саналатын танкті мәскеулік Латвиядан 20 мың еуроға сатып алған. Алайда ол, салықтың тым қымбат болуына байланысты Ресейден мәдениет құндылығын алып шығу жөнінде рұқсат алмаған. 1945 жылы шыққан әскери машинаны шекарашылар 2015 жылы Ресей мен Қазақстан шекарасы арқылы кетіп бара жатқан темір жол құрамын тексеру барысында анықтаған. Осы кезде танк мемлекеттің иелігіне қайтарылды. ҚазАқпарат хабарлағандай, 2016 жылдың 8 желтоқсаны күні кеден қызметкерлері Калининград-Мәскеу бағытында кетіп бара жатқан пойыздың әжетханасынан Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған қару-жарақ қоймасын тапқан.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде