jasqazaq.kz

Мұхтар Тайжан Конституцияны өзгертуге қатысты пікір білдірді (видео)

07 ақпан 2017, 15:03

Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқық мәселелері жөніндегі тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан үкімет отырысында Конституцияның 26-бабын өзгертуге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды tengrinews.kz.

Оның айтуынша, Жер реформасы жөніндегі комиссия 11 шешім қабылдаған.

«Бүгінгі талқыға салынатын заң жобасы ерекше маңызды деп білемін. Өздеріңізге мәлім, өткен жылы бұл заң барлымызға ауыр тиді. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар қазақ халқының ділін, менталитетін түсінбей «жерді сатайық» деп шыға келді. Халық оған қарсы болып, мінезін көрсетті. Мұны Елбасы көріп түсінді. Ол арнайы комиссия құрды. Құрылған жер комиссиясы бұл мәселені бірнеше ай ақылдасып, талқылап 11 шешім қабылдады. Бүгінгі заң жобасы сол комиссияның шешімдері дайындалды», — деді ол.

Сондай-ақ, ол осы комиссияның құрамында жұмыс істегенін айтты. «Кейін комиссияның осында отырған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандарымен бірге осы заң жобасын дайындық. Бұл жерде алғысымды білдіргім келеді. Үлкен күрделі жұмыс атқарылды. Заң бойынша біз қабылдаған протоколға 100 пайыз cәйкес келеді. Оған мен кепіл беремін. Өзімде осы жұмысқа қатыстым», — деді Мұхтар Тайжан.

Ал Конституцияның 26-бабына қатысты Мұхтар Тайжан былай деді: «Конституциядағы өзгерістерге сәйкес 26-бап өзгертілгелі жатыр. Менің ойымша, сол бапты сол қалпында қалдыру керек. Өйткені, бұл ұсыныс өте күмәнді. Латифундистерге осы заңның ішінде нормалар бар. Оны Ерлан Нысанбаев (ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі автор) айтып кетті. Яғни бір адамға немесе бір фирмаға берілетін жердің көлеміне шектеу болады. Ол өте маңызды. Өйткені, латифундизм деген ұғымды біз жойып тастау керек. Жер халыққа тимей ауылда жұмыссыздық болады. Сондықтан біз оған арнайы назар аудағанымыз жөн. Жер тек қазақстан азаматтарынағана беріледі».

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде