jasqazaq.kz

Мұхамедиұлы: Жәнібеков арадағы «жігіттік келісімді» орындай алмады

25 қазан 2016, 17:58

 

arystan

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы абыройына нұсқан келтірді деген Талгат Жәнібековке қатысты сот шешіміне орай өз пікірін білдірді.

«Менің жеке басыма күйе жаққаннан кейін, мен жала жабу бабы бойынша Талғат Жәнібековті азаматтық сотқа бердім. Сотқа дейінгі тергеу аясында,  бетпе-бет кездесу кезінде Жәнібеков өз сөздерінің өтірік екенін мойындады. Менің, болмаса менің қол астымдағы азаматтардың тікелей немесе делдал арқылы 100 мың доллар сұратқанын жоққа шығарып, ондай оқиға ешқашан болған жоқ деді. Ол сондай-ақ қолында ешқандай дәлел жоқтығын айтты»,-дейді министр.

«Оның мүддесін қорғағандар Жәнібеков маған күйе жаққанын мойындап, қоғам алдында кешірім сұрайды деп айтқан. Содан кейін, мен өзімнің арызымды алып кеткен едім. Бірақ, өкінішке қарай, ол арамыздағы «жігіттік келісімді» орындаған жоқ. Онымен қоймай, қоғам арасында мен туралы теріс пікір қалыптасуына ат салысты. Содан кейін мен қылмыстық істер жөніндегі сотқа арыз түсіріп, оны түзету жұмыстарына жегуді талап еттім. Алайда, Жаныбеков сот отырыстарына мүлде келген жоқ. Бүгін әйтеуір сот отырысы бітті ғой. Мен Талғат Жәнібековке 50 АЕК көлемінде айыппұл салған сот шешіміне толық қанағаттанамын. Тағы да қайталап айтамын, мен Жәнібековке осындай жазадан құтылу үшін қолымнан келгенше күттім»,-дейді А.Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, Астана қаласы Сарыарқа ауданының соты Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ар-намысына күйе жақты деп, режиссер Талғат Жәнәібековке 1 600 000 теңге айыппұл салды (500 айлық есептік көрсеткіш).

ҚазАқпарат

30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды