
Алматыдағы қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде куәгер 23 бағыттағы автобустың кондукторы мен егде жастағы ер адамның оқиғасын видеоға түсіріп алды. Видео әлеуметтік желіде таралып, Қазнетте дау туды. Кадрлардан балдақ таянған ер адамның автобусқа кіргісі келгенін, бірақ кондуктордың оны итеріп, кіргізбей қойғанын көруге болады. Кондуктордың не себепті бұлай жасағаны белгісіз қалып отыр. Оның үстіне былапыт сөздер де айтады.
https://www.youtube.com/watch?v=B61EYOsbSns
Осы кезде сыртта қалып қойған ер адам автобус терезелерін балдағымен соққылай бастайды. Қолданушылардың басым бөлігі кондуктордың әрекетін сөкті. Алайда балдақ ұстаған адамның алаяқ екенін айтқандар да бар деп жазды tengrinews.kz.