
Қарағанды облысының Осакаровка ауданында әкімшілік құқықбұзушылық әрекетіне екі рет қатарынан жол бергені үшін мектеп мұғалімі 22 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осакаров ауданының тұрғыны мәдениет үйінің жанында темекі шегіп тұрып, темекі тұқылын тұрған жеріне тастай салды. Осы күні оны тәртіп сақшылары ішімдік ішіп, көлік басқарғаны үшін ұстап алды. Ол аз болғандай әлгі азаматтың жүргізуші куәлігі жоқ болып шықты»,-деп түсіндірді Осакаров аудандық сотының баспасөз қызметі. Сот құқықбұзушы азаматтың әрекетіне қатысты істі қарады. Оның құқықбұзушылыққа жол берген бірінші әрекеті үшін 2 тәулікке, екінші әрекеті үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жөнінде шешім шығарды. «Ол 22 тәулікке қамауға алынды. Сот мәжілісінде құқық бұзушының орта мектепте жұмыс істейтіні белгілі болды. Учаскелік инспектордың мәліметтері бойынша, ол бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған. Көршілері мен туыстары оның спиртті ішімдіктерді жиі қолданатынын айтты»,-деп хабрландырды аудандық сотта.