jasqazaq.kz

М.Әйтенов шағынаудандарды инфрақұрылыммен қамту барысын көрді

31 наурыз 2023, 15:41

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Нұртас, Асар-2 шағынаудандарын инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын тексерді. Қазір 18 мыңға жуық халқы бар Нұртас елдімекенінде кәріз жүйесін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 62,6 шақырымды алып жатқан кәріз жүйесінің құрылысы 2024 жылы толық аяқталады. Құрылыс барысын қадағалаған қала әкімі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына жергілікті әкімдікпен бірлесе абоненттеу жұмыстары бастауды тапсырды.

Асар-2 шағынауданында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Бүгінде 15 мыңнан астам халық тұратын елдімекенде 24 шақырымдық газ жүйелері жүргізілген. Шағынауданды табиғи газбен толық қамту сәуір айының соңына дейін аяқталады. Қазір мұнда абоненттеу жұмыстары басталды. Жоспарға сәйкес елдімекен алдағы жылы сапалы электр қуатымен, кәріз жүйесімен толық қамтылады.

Қаратау ауданына қарасты Асар-2 шағынауданында 15 мыңнан аса тұрғын тұрады. Бір мектеп және бір балабақша бар. Шағын ауданды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі басты мәселе.

Асар-2 шағынауданында 38 көшенің 3 көшесі асфальтталған, 35 көшеде тас жол, 6-уы топырақ жол. Биыл Күншоғыр және №1,2,3 атауы жоқ көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілмек. 2025 жылы іс-шара жоспарына сәйкес 100% орташа жөндеу жұмысын аяқтау жоспарлануда. Сонымен бірге, биыл –Күншоғыр және №1 көше; 2024 жылы – №2,3 көшелер; 2025 жылы –№5,6 көшелерге жарықшамдар қойылмақ. Ал, интернет желісімен 2023 жылы қамтылады.

Құрылыс жұмыстарын қадағалаған Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға инфрақұрылымдық жүйелерді жүргізуде тиісті талаптардың қатаң сақталуын бақылады тапсырды. Сонымен қатар барлық жұмыстардың сапалы, уақытылы атқарылуын назарда ұстауды ескертті.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта