jasqazaq.kz

М.Әйтенов қуыршақ театрының ғимарат мәселесін шешуді тапсырды

23 тамыз 2023, 12:20

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрына арнайы барып, театрдың тыныс-тіршілігімен, ондағы шығармашылық атмосферамен танысты. Өңірдегі балаларға арналған бірден-бір мемлекеттік жалғыз өнер ордасы — Қуыршақ театрының құрылғанына биыл 40 жыл!

Көрермен көзайымы болған театр репертуарында отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымдары сахналанып, қазіргі репертуарда 60-қа жуық қойылым жоспарланған. «Алтын қордағы» ертегілермен қатар, қазақстандық, шетелдік, жергілікті авторлардың шығармаларынан ересектерге арналған туындылар сахналанып келеді.

Шымкент қаласы елімізде республикалық маңызы бар қала атанған жылдан бастап мәдениет саласында айтарлықтай өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде қуыршақ театры да көкжиегін кеңейтті, заман талабына сай жаңғырып, балғындар мен жасөспірімдердің саф өнермен сусындауына өзіндік үлес қосып келеді. Мекеменің тарихына шегініс жасасақ, 1983 жылы Шымқала тұрғындары 400 мыңнан асыпты. «Мұндай қалаға балалар үшін қуыршақ театры қажет» деп Асанбай Асқаровтай аптал азаматтың қолдауымен сол жылы «Облыстық қуыршақ театры» құрылған. 2007-2008 жылдары құрылымы облыстық қуыршақ және жасөспірімдер театыры болып өзгергенімен жасөспірімдерге арнайы штат қаралмағандықтан жабылған. 2018 жылы қаламыздың тарихындағы өзгерістерден кейін Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры болып қайта тіркелді. Жасөспірімдер бағытында сеңнің қозғалғаны 2021 жылы ғана.

Дегенмен, театрдың бүгінгі түйінді мәселесі – өнер ұжымына берілген ғимараттың ескіріп, тозуы. Қала басшысымен кездесу барысында осы мәселе қозғалды. Мұрат Дүйсенбекұлы алдағы уақытта ғимарат мәселесін шешу жолы мен ұсыныстар әзірлеуді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысына тапсырды.

Айта кетейік, мәденит, өнер саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында театр 17 шетелдік, оның ішінде Перу, Эстония, Латвия, Италия, Франция, Түркия, Қытай, Корея, Иран мемлекеттері және 7 қазақстандық, Алматы, Ақтөбе, Қостанай қалалары мен Маңғыстау облыстық қуыршақ театрларымен екі жақты меморандум жасалды. Алдағы уақытта театрдың 40 жылдық мерейтойына орай халықаралық қуыршақ театрлары фестивальін өткізу жоспарлануда.

Театр Қарағанды қаласында өткен «Куклияндия» халықаралық қуыршақ театрлары фестивальдеріне қатысып, үздік балалар қойылымы атты номинацияны жеңіп алды. Мұрат Дүйсенбекұлы өнер ұжымының басшылығы мен театр труппасына шығармашылық шабыт пен өрлеу тіледі.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры