
Танымал әнші Луина мен продюсері Жомарт Сүлейменов үйлену тойын жасайды. Бұл туралы «Время» басылымы жазады.
Продюсер газет журналисіне үйлену тойын жоспарлап отырғандарын, алайда ай-күнін Луинадан нақтылау керек екенін айтқан.
Луина: «Жомарт солай десе, солай болады да. Жеке өзім той мен 30-ға келіп, толықтай есейген соң ғана өтуі керек деп санаймын», — дейді.
Еске сала кетейік, әнші мен продюсердің қарым-қатынасы алты жылдан бері жалғасып келе жатыр.