jasqazaq.kz

Луина: «Анашым, қайта оралшы, өтінемін»

07 тамыз 2023, 15:21

Әнші Луина Instagram желісінде анам жоғалып кеткенде мен 5 жаста едім деп есіне алды.
«Үйде мен, анам және ағам үшеуіміз тұрғанбыз. Анам дәл үйден шығып, оралмады. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін анамның қайда екенін, оған не болғанын бұл өмірде бар-жоғын білмейміз. Анам жоғалып кеткенде мен 5 жаста едім. Сол кезден бастап үйдің кішкентай ерке қызы есейген, жасық әрі момын қызға айналды. Мен қатты толқып кеттім. Мұнымен жұмыс істеп, жылап, ішімдегін айтып, шер тарқатып, ұмыту қажет. Мен кішкентайымнан бойжеткенге дейін анам бізді тастап кетті деп ойладым. Есейіп, ақыл тоқтатқанда анамның ағам екеуімізді қатты жақсы көргенін және бізді тастап кетуі мүмкін еместігін түсіндім», – дейді Луина.
Анасының хабарсыз кеткен күні әншінің әлі күнге дейін есінде.

«Не болғаны бір Құдайға ғана аян. Мен кішкентай кезімнен анамның қалай жоғалып кеткені туралы көп оқиғаны естіп өстім. Анам хабарсыз кеткен түн әлі есімде. Мен 5, ағам 9 жаста еді. Біздің жылағанымыз, ағамның оны үйдің жан-жағынан іздегені, мені жұбатқаны есімде. Ол анамның суретін ас үйге қойып: «Анашым, қайта оралшы, өтінемін. Мен ыдысты жуамын» деп айтқандары да құлағымда. Сол жағдай Асқарға қиынға соқса керек, себебі ол ес білетін жігіт еді. Бұл жаққа қайтып оралғым келмейтін сияқты», – дейді әнші.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі